2026 жылғы 23 қаңтарда қауіпсіздік бойынша жүргізілетін жұмыстар аясында балабақшада «Ең үздік қауіпсіздік бұрышы» байқау-қарауы өтті. Байқауға мектепке дейінгі ұйымның барлық жас топтары қатысты. Байқау барысында қазылар алқасының мүшелері төмендегілерді атап өтті: барлық топтарда көшелер мен жолдарды бейнелейтін үстел үсті макеттері жасақталған. Тәрбиешілер көптеген түрлі дамытушы ойындар мен ойын макеттерін дайындады. Топтардың дамытушы ортасы тәрбиешілер мен ата-аналардың өз қолдарымен жасаған материалдары және жабдықтарымен толықтырылды. Қауіпсіздік бұрыштары қолжетімді, эстетикалық жағынан көркем және жылжымалы болып ұйымдастырылған.