«Ақмола облысы білім басқармасының Аққөл ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Аққөл қаласының №2 бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

"30- жылдыққа 30 ойын"

 http://facebook.com/detskiisad.nomerdva                             

          ​    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі (1999-2002), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (16.10.2013-20.03.2019). Қазақстан Республикасының президенті (2019 жылдың 20-шы наурызынан бастап). 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді. ЕЫҚҰ-ның жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бір адамның көптеген бюллетендерді тастау, тәуелсіз бақылаушыларды санау процесіне араластырмау секілді фактілер тіркелген. ЕЫҚҰ сайлау нәтижесінің әділ екендігіне кепіл бере алмайтынын жеткізкен. Сонымен бірге, 9 және 10 маусым күндері Нұр-Сұлтан және Алматы қаласында сайлау нәтижелеріне наразылық танытқан 1000-ға жуық адамды полиция қамауға алған.[1]

 

Әкесі Тоқаев Кемел Тоқайұлы (1923-1986), Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000), Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген. Ұлы жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан[2].

1970 жылы Қ-Ж. Тоқаев КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсті. 5-курста КСРО-ның ҚХР-дағы Елшілігіне диплом алдындағы жартыжылдық машықтамаға жіберілді.

1975 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне жұмысқа кірісіп, Сингапур Республикасындағы кеңестік елшілікке жолданды. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына қайта оралып, 1983 жылы Пекин лингвистикалық институтындағы 10 айлық тіл курстарына қатысу үшін Қытай Халықтық Республикасына аттанды. 1984-1985 жылдары КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызметте болды. Одан кейін Пекиндегі кеңестік елшілікке жолданып, онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарын атқарды. 1991 жылы Мәскеудегі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының дипломатиялық басшы кадрлардың біліктілігін арттыру курстарына түсті.

1992 жылы Қ-Ж.Тоқаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ол 1993 жылы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары және 1994 жылы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 1999 жылдың наурыз айында Премьер-министрдің орынбасары болды. 1999 жылдың қазан айында Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Премьер-министр лауазымына тағайындалды. 2002 жылдың қаңтарында отставкаға кетіп, кейін Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. 2007 жылдың қаңтарына дейін Сыртқы істер министрі ретінде жұмыс істеп, кейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды.

Сыртқы істер министрі лауазымында Қ-Ж. Тоқаев, тұтастай алғанда, 10 жыл еңбек етті (1994-1999, 2002-2007).

Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың 1995 және 2005 жылдардағы шолу конференцияларына қатысқан. Ол 1996 жылы Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартқа (ЯСЖТШ), ал 2005 жылы Семейде – Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шартқа (ОАЯҚААШ) қол қойды.

2003 жылы теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдер министрлерінің Халықаралық конференциясына төрағалық етті. Конференцияда Алматы іс-қимылдар бағдарламасы әзірленді және теңізге шығу мүмкіндіктері жоқ дамушы елдердің Алматы декларациясы қабылданды.

Қ-Ж.Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының он сессиясының жұмысына белсене атсалысқан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Шанхай ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңестерінің Төрағасы болып сайланған, Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық рангіне ие.

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде 2008 жылы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-Президенті болып сайланған.

2011 жылғы наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы Тоқаевты Бас хатшының орынбасары, Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы Бөлімшесінің Бас Директоры және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының Қарусыздандыру жөніндегі конференциядағы жеке өкілі етіп тағайындау туралы шешімін жария етті. Сонымен қатар, ол Қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын иеленеді. Ол БҰҰ-ның Швейцариядағы қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты лауазымды тұлға болып табылады. 2013 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы болып сайланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев - саяси ғылымдар докторы. Халықаралық қатынастар мәселелері бойынша тоғыз кітап пен бірқатар мақалалардың авторы. Ол Бүкіәлемдік гуманитарлық және жаратылыс ғылымдары академиясының мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясы «Даналар» кеңесінің мүшесі. Сондай-ақ, Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (ҚХР), Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және докторы әрі оның Қамқорлық кеңесінің мүшесі, Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстан кеңесінің Құрметті президенті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы, Женева дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің Құрметті деканы. Ол ҚР СІМ Нәзір Төреқұлов және РФ СІМ А.Горчаков атындағы естелік медальдарымен, Женева Университетінің «Академикус» грамотасымен, сондай-ақ, С.Н.Рерих атындағы естелік медалімен марапатталған. Орыс Биографиялық қоғамы Қ. Тоқаевты "Жыл адамы - 2018" лауреаттарының тізіміне енгізген.

Саяси көзқарасы[өңдеу]

Қазақстанның саяси құрылымына қатысты көзқарасы: «Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беруші Үкімет» (2014 жылғы 24 қарашада Астанада өткен парламенттік конференцияда мәлімдеген).

2016 жылғы 29 сәуірде Сенатта өткен тыңдауларда Қазақстандағы жерді жалға беру мен сату жөнінде Жер кодексіне енгізілген даулы түзетулерге қатысты мәлімдемесінен: «Бұл орайда, жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы туралы айтып қана қоймай, аталған талапты түрлі қитұрқы жолдармен «айналып өткісі келетіндерге» тосқауыл қою үшін заңның осы ережесін құқықтық тәсілдермен іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Ең бастысы, Мемлекет басшысының жердің ұлттық юрисдикциясы мен жерді тиімді әрі ұтымды пайдалану туралы талабын міндетті түрде орындау қажет».

Қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесіне қатысты 2017 жылғы 22 қыркүйекте өткен парламенттік тыңдауларда былай деген болатын: «Біздің алдымызда стратегиялық маңызы жоғары міндет - латын әліпбиіне көшу мәселесі тұр. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – бұл жаһандық ғылым мен білім жүйесіне ықпалдасу үшін жасалған қадам әрі рухани тұтастығымыздың кепілі болып табылады. Бұл жұмысты біз ойластыра отырып, сатылы және жинақы түрде жасауымыз керек. Бірақ ұзаққа созудың да қажеті жоқ. Ең бастысы – біздің қателесуге құқығымыз жоқ».

2019 жылы 20 желтоқсанда Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында келесі қадамдарды қамтитын саяси реформалар топтамасын заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды: Митингілер өткізу жөнінде алдын ала хабарлау қағидатын бекіту; Саси партиялар құру кезіндегі кедергілерді жою; Партиялық сайлау тізімдеріндегі жастарға және әйелдерге 30 пайыздық міндетті квота енгізу; Парламенттік оппозиция қалыптастыру үшін жағдай жасау. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрлігін Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің Екінші қосымша хаттамасына қосылу жұмысын қолға алуды тапсырды. ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабын гуманизациялау ("әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тайпалық және діни алауыздық тудыру") және Қылмыстық кодекстің 130-бабын ("Жала жабу") декриминизациялау туралы мәлімдеді. Соңғысы Әкімшілік кодекске ауыстырылады. Сонымен қатар, Президент ҰҚСК отырысында жерді ұтымды пайдалануға, мемлекеттік құрылымдардың айқын әрі ашық жұмысын, бюджет үрдісінің ашықтығын қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмек беру тетіктерін жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар қабылданатынын жариялады.

2020 жылы 29 ақпанда Мемлекет басшысы «Информбюро» ақпараттық-талдау порталына берген сұхбатында Мұхтар Жәкішевтің тағдырына қатысты былай деді: «Бұл тек соттың құзыретіндегі мәселе. Әрине, мен Жәкішевтің өз денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөнінде бірнеше өтініш жасағанын білемін. 3 наурызда бірінші инстанция сотының отырысы өтеді. Соның шешімін күткеніміз жөн. Сот әділ шешім шығаратыны күмәнсіз». 2020 жылы 3 наурызда Семей қаласының соты 2009 жылдан бері түрмеде 14 жылдық мерзімін өтеп жатқан М.Жәкішевтің шартты түрде мерзімінен босату туралы өтінішін қанағаттандырды.

Тоқаевтың президенттігі[өңдеу]

Ант қабылдау[өңдеу]

2019 жылы 19 наурыз күні Назарбаев халыққа үндеуі арқылы өзінің ҚР Президентінің өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Мұндай жағдайда ҚР Конституциясына сәйкес, ҚР Президенті болып Сенат Төрағасы тағайындалады. 20 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің міндетін атқарушы ретінде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімінде Тоқаев өзінің алғашқы жарлығымен Н.Назарбаевты Халық қаһарманы мен Еңбек ері атақтарымен марапаттады. Сонымен бірге, Астана атауын Нұр-Сұлтанға ауыстырып, республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарының орталық көшілерін Назарбаевтың атымен атауды ұсынды.[3]

2019 жылғы 12 маусымдағы ант қабылдау кезінде сөйлеген сөзінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылатыны жөнінде мәлімдеді. Билік пен қоғамның арасындағы диалогқа шақырды.

Жолдау[өңдеу]

2019 жылы 2 қыркүйекте қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан халқына Жолдауын арнап, мынадай мәлімдеме жасады: Еліміздің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес; Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс. Алайда, заңға қайшы және бұзақылық әрекеттерге шақыратын үндеулерге заң шеңберінде тосқауыл қойылады; Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылады; Микро және шағын бизнес саласындағы компаниялар табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады; Жұмыс берушілердің зейнетақы қорына енгізетін 5 пайыздық қосымша төлеміне 3 жылға мораторий жарияланады; Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнетақы жинағының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа, соның ішінде баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалануына рұқсат етіледі; Тиімсіз жоғары оқу орындарының санын қысқарту қажет; Квазимемлекеттік сектордың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады; Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет.

Қосбилік[өңдеу]

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 184 Жарлығына сәйкес, Тоқаев бірқатар маңызды мемлекеттік қызметшілерді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасының келісуімен ғана тағайындай алады.[4] Бұл жағдайды саясаттанушылар "қосбилік" деп атап жүр. Алайда Президент Назарбаев[5] пен Тоқаевтың кеңесшісі Ерлан Қарин [6] мен баспасөз хатшысы Берік Уәли[7] Қазақстанда қосбилік жоқ деп мәлімдеді.

Саясаттанушы Досым Сәтбаевтың айтуынша, Қазақстандағы жағдайды билік транзит деп айтуға келмей, бұл жартылай транзит. "Нағыз билік транзиті Нұрсұлтан Назарбаев кеткен кезде болады"- деді Сәтбаев.[8]

2020 жылғы 2 мамырда Президент өзінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың үлкен қызы, Сенат Төрағасы Д.Назарбаеваның Парламент Сенатының депутаты өкілеттігін тоқтат

Ақорданың ресми сайтында жарияланған Тоқаевтың фотолары өңделгенін журналистер мен блогер анықтаған. Өңделген суреттерде Тоқаевтың әжімдері мен иектегі артық еті алып тасталған.[9]

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:32
Құрылған күні: 19.11.2020 16:32

Текст