2 Сәбилер тобы "Мамандықтар " қысқа мерзімді жобасының қорытынды сабағы. Тәрбиеші Бариева Б.Д
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Біз дәрігерде қонақта болдық.
Мақсаты:а) Балаларды медициналық бөлмелермен таныстыру.
ә) Балалардың сөздік қорын молайтуды жалғастыру, дауыс екпінін өзгерте білуді бекіту.
б) Дәрігердің, үлкендердің айтқанын аяғына дейін тыңдай білуге баулу.
Көрнекіліктер: №34 демонстрациялық материал.(дәрігер мен медициналық құрал-жабдықтардың суреттері), дәріхана құрал-жабдықтары.
Сөздік жұмыс: дәрігер, мақта, дәке.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, Қайырлы күн! Күліп шықты бүгін күн! |
Балалар жарты шеңбер болып тұрып, тәрбиешімен бірге қайталайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Тәрбиеші балаларға өлең оқып береді. Ақ халатты киемін, Аппақ болып жүремін. Аппақ болып жүргенді Өзім жақсы көремін. Ө.Тұрманжанов. -Балалар, тақпақ кім жайлы? -Ия, дұрыс айтасыңдар, дәрігер жайлы екен. Мейірбикенің бөлмесіне, егу бөлмесіне саяхат жасау. Мейірбикенің дәрілерімен, дәкесімен, йод, мақта, дәрумендерімен танысу. №34 демонстрациялық материал. Жаңа біздер дәрігер бөлмесіне барып, ол бөлмедегі заттармен танысып келдік. -Дәрігер бөлмесінен не көрдік? -Дұрыс, дәрілер, дәке, йод, мақта, дәрумендер – дәрігерге қажетті заттар. -Дәрігер не істейді?
Сөздік жұмыс. Сергіту сәті: Оңға, оңға түзу тұр. Солға, солға түзу тұр. Жоғары-төмен қарайық Орнымызды табайық. -Ал енді, балалар, дәрігерге арналған тақпақты қайталайық. Тәрбиеші бастайды, балалар қайталайды. «Дәрігер» мазмұнды-рөлді ойыны. Балалар рөлдерге бөлініп ойнайды.
Жеке жұмысты қажет ететін балалардан медбике бөлмесінен көрген заттарын сұрау. |
Тәрбиешіні тыңдайды, қызығушылық танытады.
-Дәрігер.
Мейірбикенің бөлмесіне саяхат жасайды, заттармен танысады.
-Дәрілер, дәке, йод, мақта, дәрумендер. -Дәрігер алғашқы көмек көрсетеді. Балалар байқаусызда құлап жарақаттанса, аяғына дәрі жағып, байлап қояды. Балалар қайталайды.
Өлең мазмұнына сәйкес жаттығулар орындайды.
Тәрбиешімен бірге қайталайды. Балалардың ішінен дәрігер сайланады. «Дәрігер» ойыншық құралдармен балаларды тыңдайды, «кеңес» береді. Балалардың жауабы тыңдалады |
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Балалар, біздің денсаулығымызға кім қамқор болады? -Біз бүгін қайда бардық? -Біздің мейірбикенің аты кім? |
Тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап беруге тырысады. |
Күтілетін нәтиже: Орындайды: сөздерде кездесетін дыбыстарды анық және оларды бірнеше рет қайталап айтуға арналған тапсырманы; Түсінеді:дәрігердің қызметі туралы берілген мәліметтерді; Қолданады: мейірбикенің құралдарын қалай пайдалануын біледі.