Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»;
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау».
2021 жылы 56 қызмет көрсетілді;
электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 54;
қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 2.
Барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою».
«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау».
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушы үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://ds0002.akkol.aqmoedu.kz/МКҚК «№2 бөбекжайы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомствоға бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. «№2 бөбекжайы» МКҚК-да нормативтік-құқықтық актілер әзірленбеген.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
2021 жылы «№ 2 бөбекжайы» МКҚК сайтында мақала жарияланбаған.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласында «№2 бөбекжайы» МКҚК-да қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер қызмет көрсетеді, 2021 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту мәселелері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға семинарлар, тікелей эфирлер арқылы ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын іске асыруға қатысу.
Басшы О.Н. Сенчило