Ақкөл ауданының «№2 балабақшасы» МКҚК-нің 2020 жылға мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № №88-V Заңын және бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат. 2020 жылы «№2 балабақшасымен мемлекеттік қызметтің 2 түрі көрсетілді, оның ішінде 2 мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі:
1."Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау".
2. Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау;
2020 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 құрады, оның ішінде:
1."Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"- 46;
1. Педагогтердің біліктілік санаттарын беру және растау рәсімдерінен өту үшін құжаттарды қабылдау – 2;
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.Балабақшада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд көрнекі ресімделген.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар. 2020 жылы аудан балабақша қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша техникалық оқу өткізілді. Оқыту онлайн форматта жүргізілді
5)Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат. Ақкөл ауданының "№2 балабақшасы» МКҚК-нің 2020 жылы қызмет алушылар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.